Key PartnersKey Partners
+7 (727)
232-11-32
info@keyp.kz

Аудит командасы

Команданы аудиттеу компаниялардағы командаларды бағалауға және күшті жақтары мен шектеулерін түсінуге мүмкіндік береді, сондай-ақ компанияға деген құндылығын сезіндіреді. Командалық аудит қызметкерлердің барынша күш салып жүргендеріне және жоғары мотивация мен шексіз берілгендік көрсетіп жүргендіктеріне көз жеткізуге жағдай туғызады.

Аудит командасы
Командалық аудит не береді?
Команданың әрбір мүшесі қандай рөл атқарады?Қандай салада команда әлсіздік танытады?Бұл шектеулерге қалай әсер етуге болады?Әр команда мүшесінің күшті жақтары ескеріледі ме?Басқарудың қандай стилі команданы ынталандырады және өсу белсенділігіне алып келеді?

Құрамына не кіреді?
Есеп мінсіз және іс жүзіндегі командалардың салыстыруын, көрсетеді, сонымен қатар ұжымның әр мүшеснің мінездемесі мен команда мен командадағы рөлін көрсетеді.Бұл ұтымды нәтижелерге жеткізетін даму немесе шектеу аймақтарын анықтауға және оларға жауап беруге мүмкіндік береді.

Пікірлер
Есеп PDF форматындағы файл ретінде жүктеп алынатын күйінде  Сізге ұсынылатын болады.ПІКІРЛЕР КЕЙСТЕР 
Пікірлер
Кейс
МәселесіДаму Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры
Тұтынушы
мәселесі
Кадрлық талаптардың артуына байланысты Қор тарабынан Қазақстан бойынша барлық бөлімшелерде жұмыс істеп жүрген ағымдағы қызметкерлерді бағалау қажеттілігі туындады. Әрбір қызметкерді оның лауазымына сәйкестігін бағалау, әрбіреуіне қойылатын талаптарды анықтау, сондай-ақ әрбір бөлімшенің командалық әлеуетін түсіну қажеттілігі туындады.
Тұтынушы
мәселесін
шешу
Жұмыс бірнеше кезеңмен өткізілді.
Бірінші кезеңде бөлімшелерде 12 сала бойынша лауазымдардың мінсіз профильдері мен бөлімше командасының мінсіз профилі анықталды.
Екінші кезеңде Тұлғалық Профильдік Талдау бойынша 226 қызметкерлер онлайн тестілеуден өткізілді. Қызметкерлердің күшті жақтары және әлеуеттері анықталды.
Үшінші кезең ретінде командалық аудит бағалауы болды. Осы есеп шеңберінде әрбір бөлімшенің нақты профилі анықталды, сондай-ақ команданы тұтастай алғанда және оның мүшелерінің өсу бағыттары да анықталды.
Барлық тестілеу біткеннен кейін және әр қазметкер жөнінде есептер алынғаннан кейін, келесі кезең өткізілді, оның аясында әр қызметкерге өз профилі бойынша кері байланыс берілді, DISC типологиясы және Белбин теориясына сәйкес командалық рөлдер бойынша мастер-класстар өткізілді.
Сондай-ақ, командалық жұмыс ойыны өткізілді. Осы ойын арқасында қатысушылар команда ішінде өзара әрекетті қалай жақсырақ жүргізу тәсіліне іс жүзінде көздерін жеткізді.
Нәтиже
Жобаның қорытындысы бойынша мыналар әзірленді:
226 қызметкерлер үшін жеке даму жоспарлары дайындалды;
Бөлімшелер мен олардың арасында 58 кадрларды алмастыру атқарылды;
Персоналды басқару саласындағы проблемалық аймақтар анықталды;
Проблема бағыттары бойынша жұмыс істейтін стратегиялық сессиясы өткізілді және адам ресурстарын басқару процесінің түсінігін жақсарту жұмысы жүргізілді.