Key PartnersKey Partners
+7 (727)
232-11-32
info@keyp.kz

Құқықтық аудит

Қауіпсіздік үшін маңызды қадам - құқықтық аудит

Құқықтық аудит дегеніміз не?
Бұл қолданыстағы заңдар мен іскерлік тәжірибе нормаларына сәйкестігі жайлы тәуелсіз, кешенді немесе жартылай компания қызметінің құқықтық тексеруі
Біз бизнестің кешенді құқықтық жан-жақты талдау қамтамасыз ету және мынадай бағыттарды тексеруге

Біз бизнестің жай-күйін кешенді құқықтық талдауын қамтамасыз етеміз және мына салаларда тексеру жүргіземіз:
Корпоративтік құжаттар
Құрылтай құжаттарының талдауыКомпанияны басқару органдарының қабылдаған шешімдерінің заңдылығын талдауЛицензия, Анықтамалық құжаттардың ресімделуін талдау
Еңбек қарым-қатынасы       
Компанияда еңбек қатынастарын реттейтін құжаттарды талдауЕңбек қатынастарына байланысты тәуекелдерді, оның ішінде мемлекеттік органдар реттейтін санкциялармен байланысты тәуекелдерді анықтау
Келісімшарттық қарым-қатынас
Жасалған келісімдер мен басқа да міндеттемелерді тексеру және талдау.Контрагенттер тарапынан  міндеттемелер орындамау тәуекелін анықтау және азайту бойынша ұсыныстар.Борышкерлер және кредиторлармен жұмысты  ұйымдастыру бойынша ұсыныстар.
Duediligence
Корпоративтік басқару туралы құжаттар, құрылтай құжаттары, басқарманың алқалы органдарының шешімдері және негізгі сенімхаттарына шолу.Акциялармен /үлестермен жасалған негізгі мәмілелерді талдау, акционерлер/қатысушылар жайлы, олардың мүліктік. және мүліктік емес  құқықтары туралы ақпарат.Компанияның  қызметін мемлекеттік реттеу талдауы, негізгі келісім-шарттар және компанияның мүліктік  құқықтарын және т. б. тәуекелдерді талдау.
Мүліктік құқықтар
Материалдық және материалдық емес активтерге байланысты құқықтардың рәсімделу дұрыстығын тексеру.
Бұл сізге не үшін қажет?Сіз компанияның шығындарының ықтимал тәуекелдерін бағалай аласыз, нәтижесінде:
Контрагенттердің міндеттемелерін орындамауы
Азаматтық-құқықтық міндеттемелерін орындамағаны үшін санкцияларды қолдану 
Компанияны немесе компанияның лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту
Құқықтық аудит тәртібі:
Клиентпен сауалнама толтыру 
Аудит түрін анықтау және қызмет құны
"Негізгі кезеңдер" жоспары бойынша аудит жүргізу 
Аудиторлық қорытынды жасау 
Құқықтық аудит кезінде анықталған ескертулерді жою (сұраным бойынша)
Кейс
МәселесіАлматы электромеханикалық завод
Тұтынушы
мәселесі
Клиент 120 адамдай жұмысшысы бар компанияда кадрлық іс қағаздарын қалпына келтіру және аудит жүргізу қажеттілігі туралы сұраныспен жүгінді. Соңғы 20 жылда жүргізілген кадрлық құжаттаманы тексеру, кадрлық құжаттарды қалпына келтіру, сондай-ақ ҚР қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кадрлық құжаттаманы одан әрі ресімдеу міндеттері.
Тұтынушы
мәселесін
шешу
Біз барлық ұсынылған міндеттерді шешу үшін комерциялық ұсыныс бердік. Жобаны орындау ұзақтығы бойынша 3 ай ұсынылды. Жобаға екі маман тартылды.
Нәтиже
Ай көлемінде аудит жүргізілді. Аудиторлық есеп аудит аяқталғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылған болатын. Одан кейін, 45 күнтізбелік күн ішінде ҚР қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес кадрлық құжаттаманы қалпына келтіру, рәсімдеу жұмыстары жүргізілді. Клиент орындалған жұмысқа риза болды, еңбек заңнама қызметтері бойынша бізбен ынтымақтастықты жалғастыруда.