Key PartnersKey Partners
+7 (727)
232-11-32
info@keyp.kz

360 градустық бағалау

Тиімді кері байланыс құралы сіздің жұмысыңыздың әлсіз жақтарын анықтау және қызметкерлердің жеке тиімділігін арттыру жолдарын табуға мүмкіндік береді

БАҒАЛАУ 360/360-logo.png
БАҒАЛАУ 360/360-logo.pngБағалау 360 - «айналма бағалау» принципі негізінде қызметкердің қызмет сапасына байланысты кері байланыс құралы. 360 градустық бағалау әділ және сындарлы кері байланыс үшін жарамды ортаны жасайды, сіздің қызметкерлеріңіздің компанияға өз маңыздылығын бағалауға, даму бағыттарын анықтап және өз тиімділігін арттыруға көмектеседі. Бұл бағалау адамдарға жұмыс сапасы бойынша өз әріптестерінен оңай және тез кері байланыс алуға, және нәтижесін жеке қабылдау қабілетімен салыстыруға  мүмкіндік береді.  

360/360-scheme.png
Бағалау үшін маңызды шарттың бірі бағалауға қатысушылардың анонимділігі болып табылады.
360 градустық бағалау не береді?
Табысты қызметкерлерді басқару үшін қажетті күш-жігерді салу.
Қызметкердің  еңбек өнімділігіне әсерін тигізе алатсын мәселелерді анықтау
Командананы  жақсарту үшін байланыс арналарын ашу
Жеке сана-сезімін арттыру
360 градустық бағалау  процесі:
Кері байланыс сауалнамаларын жіберу
Респонденттердің ұялы нөмірлеріне логин мен құпия сөздерді жіберу
Нәтижелері есептерге біріктіру
9 қызметкерлерге есеп жасау
Кейс
МәселесіКейс 360
Тұтынушы
мәселесі
Ірі халықаралық ритейл компаниясы басқарушылық командаға бағалау жүргізу бойынша тапсырыс берді. Мақсаты ағымдағы біліктілік деңгейін, одан әрі оқыту және мансаптық жоспарлау үшін дамыту аймақтарын анықтау.
Бұл жоба бойынша шектеулі уақыт мерзімі (бір апта) бөлінді, екі тілде (орыс және ағылшын тілдерінде) бағалауды жүзеге асыруға талап қойылды.
Тұтынушы
мәселесін
шешу
Тұтынушының мәселесін шешу үшін Томас Жүйесі бойынша 360 градустық бағалау ұсынылды - адал және сындарлы кері байланыс алуға мүмкіндің беретін құрал - ол қызметкерлерге дамыту салаларын анықтауға, өзінің тиімділігін арттыру және нәтижені өзінің жеке қабылдау қабілетімен салыстыруға мүмкіндік береді.
Дайын құзыреттер конструкторының көмегімен, бір күн ішінде осы компанияға сәйкес құзірет моделі құрылды, модель негізінде автоматты түрде екі тілде бағалауға арналған сауалнама әзірленді.
Бағалау процесі екі күн бойы өткізілді, қатысушылардың тестті аяқтау барысында бағалау нәтижелері автоматты түрде түсірілді. Одан кейін, кері байланыс пен сертификатталған сарапшы ұсынымдары берілді.
Нәтиже
Жобаның нәтижесі клиенттің өтінішіне толық жауап берді, қысқа уақыт ішінде жасалынды. Қорытынды есеп әрбір бағаланатын қызметкердің құзыреттіліктерінің ағымдағы деңгейін, сондай-ақ компания мен қызметкерлердің көзқарасындағы айырмашылығын көруге мүмкіндік берді. Жобаның нәтижесінде, компания менеджерлер командасының жұмысын жақсартуға бағытталған алдағы қадамдарды анықтады.